Call-center 1411

Вы здесь

Алматыда бос орындар жәрмеңкесі өтті

2019 жылғы 9 тамызда «Рухани жаңғыру» және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жәрменке өтті.
Бұл іс- шараны Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы Алмалы аудандық әкімі аппаратымен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне әлеуетті жұмыс берушілер тарапынан 20 компания және 95-тен астам үміткерлер қатысты. Олардың 10-ы осы жәрмеңкеде бірден жұмысқа тұрды. Жұмыс берушілер 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды, оларға әкімшілер, есепшілер, аспаздар, сатушы-кассирлер, күзетшілер және т.б. қажет болды.
Жұмыс істеу жағдайларын нақтылап, барлық тілек білдірушілер қызығушылық танытқан сауалдарын  қоя алады. Ал жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен кездесуге, алғашқы сұхбаттасуға мүмкіндік алды.Жұмыс іздеушілерге келесі компаниялар жұмыстар ұсынды: «Назик» ЖШС, «Бердик» ЖШС, «Magnum» бөлшек сауда желісі, «Централь-Домсталь» ЖШС, «Qaganat» ЖШС, «Алматы қаласы №30 қалалық емханасы» ШЖҚ РМК және басқалар.
Жәрмеңкеде қандай да бір себептермен лайықты бос жұмыс орындарын таппаған азаматтар жай кетіп қалмады. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының әртүрлі бағыттары, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жаңа мамандықты тегін игерудің мүмкіндіктері, өз ісін ашу туралы жұмыссыздарға толық кеңестер берді. Сондай-ақ жәрмеңкенің барлық қатысушыларына Жұмыспен қамту орталығының және «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпараттары бар буклеттер таратылды.Барлық өзекті бос орындар туралы ақпараттарды  www.enbek.kz электронды еңбек биржасынан қарауға болады.
Барлық жұмыссыздар жұмыс іздеуге көмек алу үшін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келесі мекенжайға хабарласа алады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы. Анықтама телефондары: +7 (727) 224 20 00, 221 66 11.

 

Регион: 
Алматы қ.
12.08.2019