Call-center 1411

Вы здесь

Жұмыспен қамту орталығына саяхат

Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің мамандары Жәния Тұрғынова мен Еркеш Жақыпова М.Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінің студенттерімен бірге Орталыққа саяхат жасады.
Саяхат барысында студенттерге жұмыспен қамту орталығының жұмысы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, операциялық зал, ізденушілер, жұмыс берушілер аймақтары, бөлімдер көрсетілді. Кездесу қонақтары Жұмыспен қамту орталығы қызметінің негізгі бағыттары: азаматтарды қабылдау, олардың өтініштерін қарау, жұмыссыз азаматтарға лайықты жұмыс іздеу мақсатында оларды тіркеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына бағыттау, еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттандыру, азаматтарды кәсіби бағдарлау және т. б. туралы білді. Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен әңгімелесу барысында қазіргі уақытта еңбек нарығындағы жаңа және болашағы бар мамандықтар туралы мәселе білім алушылардың қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, студенттер кәсіптік бағдар беру тестінен өтуге, атап айтқанда, Е.А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасынан өтуге ниет білдірді. Белгілі психофизиолог, психология ғылымдарының докторы, Евгений Климов еңбек пәні бойынша мамандықты таңдауға мүмкіндік беретін бірегей әдістеме ұсынды. Яғни, өзінің психотипі бойынша адамға ең жақын салада өз мүдделерін дамыту қажет. Барлық заманауи мамандықтарды ол бес түрге бөлді:

  – тірі табиғат,
  - адам-техника,
  - адам-адам,
  - адам-таңбалы жүйе,
 - адам-көркем образ.
  Олардың кез келгенін таңдау қолданбалы біліммен емес, тұлғаның психологиялық бейімділігімен анықталады. Тестілеуден өткеннен кейін студенттер еңбек қызметінің қандай салалары оларға ең қолайлы екенін танып білді.Саяхат соңында Қырғызстаннан келген қонақтар Жұмыспен қамту орталығының мамандарына қызықты саяхат және пайдалы ақпарат үшін алғыс айтты.

Регион: 
Алматы қ.
04.07.2019