Call-center 1411

Вы здесь

Бос жұмыс орындарына жәрменке

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, «Қорқыт–ата» атындағы мемлекеттік университеті және Қалалық жұмыспен қамту орталығы бірлесіп жұмыссыздарды, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылдың15 наурыз күні «Студенттер сарайы» ғимаратында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.
Және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 30 мекемелерден 141 бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар келіп түсіп, осы мекемелердің кадр мамандары қатыстырылды. Нәтижесінде 53 азамат жолдама алып, оның ішінде 51 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Атап айтқанда: Дауренбенков Габит Кожабекович – «Экофарм» ЖШС-не жүк тиеуші қызметіне; Байболова Шұғыла Орынбекқызы - «Сенім» ЖШС-не мейірбике қызметіне; Куштаев Жанболат Серикович (І-топ мүгедек) - «Ұшқын» ЖШС-не дизайнер ретінде; Салманов Даулет Әбдіхамитұлы-«УАД» ЖШС-не экономист ретінде; Әлібеков Сәкен Әлібекұлы- «Орта Азия көлігі» ЖШС-не күзетші қызметіне; Нуранов Бауыржан, Инуркаев Ислам – «УАД» ЖШС-не жұмысшы қызметіне жұмысқа қабылданды.

Регион: 
Қызылорда облысы
20.03.2019