Call-center 1411

Вы здесь

Алматы қаласында жаңа форматта бос орындар жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 4 шілдеде Астана қаласының 20 жылдығына арналған, «Мүмкіндіктер уақыты» қалалық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы - Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы. жәрмеңкені өткізу Астананың 20 жылдығына орайластырылған.
Жәрмеңкеде әртүрлі меншік түріндегі, мысалы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, елімізде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік мекеме болып табылатын, кинологиялық орталық, «Өрт сөндіру және ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 13 оқыту орталықтары мен жоғары оқу орындары сияқты Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты.  Бос орындар жәрмеңкесінде 250 жұмыс беруші қатысып, 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды.Олардың ішінде:
1. «СП» ЖШС, «КОКА КОЛА», «Алматы БОТТЛЕРС» - (сатушылар, өкілдер). 2. "Magnum Cash Carry" ЖШС - (сатушы консультанттар, сауда өкілдері); 3. "КазФерроСталь"- ЖШС - (металкесуші); 4. "Hyuindai Trans Avto"ЖШС - (консультанттар, сауда өкілдері); 5. "Нұрбанк" АҚ- (менеджерлер); 6. "Жилстройсбербанк" АҚ- (консультанттар); 7. "Таим Инвест" - ЖШС- (операторлар,менеджерлер, жүргізушілер); 8. "Раимбек-Bottlers"  - ЖШС - (жүк тиеушілер, сауда агенттері,операторлар); 9. "ОБИС" ЖШС - (операторлар,маркетологтар); 10. "AirAstana" АҚ - (борт жолсерігі, ұшақты жинаушылар). Жәрмеңкеге жұмыс іздеуші 5000 азамат қатысты. Халықты жұмыспен қамту орталығы жәрмеңкеге қатысушыларға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасыаясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі белсенді шаралар туралы кеңестермен ақпараттар берді. «Мүмкіндік уақыты» бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 2500-ден астам адам кеңестер алды, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шараларға қатысуға 300 адам жіберілді, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 200 адам жіберілді. Іс-шара шеңберінде «жастар тәжірибесі», «әлеуметтік жұмыс орындары», «қоғамдық жұмыстар», «кәсіптік бағдарлау», «атаулы әлеуметтік көмек» бағыттары бойынша жұмысқа орналасу туралы ақпараттарменжұмыссыз азаматтарға буклеттер тарату ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, мәдени-ойынсауық бағдарламасы да ұсынылды. Келушілер медициналық-әлеуметтік мекемелер қолөнершілерінің «Атаөнері – ұрпаққа мұра» сәндік-қолданбалы өнерінің жәрмеңкесінде болып, астананың әсіресе көрікті нысандары суреттелген, «Ел жүрегі – Астана» фотогалерясын қарады, және эстрада әртістерінің қатысуымен болған концертті көрді. Мұнда қаланың белсенді жастарымен  «Астана жүрегімде» атты флешмоб ұйымдастырылды, ал ең кішкентай қонақтарды көше жанрындағы аниматорлар мен әртістер көңілдерін көтерді. Бұдан басқа, барлық  келушілер «Паlayparty»мерекелік палауынан дәм татты, ал астананың мерейтойына орай,жәрмеңке аумағында 20 метрлік торт дайындалды.
Жәрмеңкені БАҚ қамтыды, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Сүйіндіковтен және директордың орынбасары Д.Абуовтан сұхбат алынды.

 

Регион: 
Алматы қ.
05.07.2018