Call-center 1411

Вы здесь

"Автомобиль жөндеу бойынша слесарь" мамандығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы  №919 қаулысымен бекітілген ««Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» елімізде еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
Аталған бағдарламаның бірінші бағыты аясында  еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер  бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуларда оқуға ниет білдіріп, Жамбыл облысы, Қордай аудандық  халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылған Қордай ауылының тұрғыны Кобко Николай Сергеевич үстіміздегі жылдың 21-ші сәуірінде «автомобиль жөндеу бойынша слесарь» мамандығын меңгеруге Тараз сервис және технология колледжіне  жолданған болатын. 
Қазіргі таңда  үш айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқуды  аяқтап, меңгерген мамандығы бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп,  шағын кәсібін ашып жұмыс істеп жатыр.
Бұл бағдарламаның жұмыссыз және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға  еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алып, өмірде өз орнын табуға тиімді ықпалын тигізіп отырғанының бір ғана көрінісі болып табылады.

Регион: 
Жамбыл облысы