Call-center 1411

Вы здесь

Орал қаласының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» бойынша мәлімет

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 1-ші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» аясында 2017 жылы Орал қаласы бойынша 976 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланды. Күні бүгінге 120 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Атап айтқанда: «Шаштараз модельер» мамандығы бойынша «Технологиялық колледжі» МКҚК-на 15 адам; «аспаз» мамандығы бойынша «Сервис және жаңа технологиялар колледжіне» МКҚК-на 16 адам; «тігінші жне пішуші» мамандығы бойынша «Юланил» оқу орталығына 7 адам; «Із қағаз жүргізуші» мамандығы бойынша «АТиСО» академиялық колледжіне 8 адам; «Бухгалтерия +1С» мамандығы бойынша «Юланил» оқу орталығына 12 адам; «Автокөлік электр жүйесін жөндеу бойынша электрик» мамандығына 5 адам; «Автокөлік жөндеу бойынша слесарь» мамандығына 2 адам; «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша «Аттестаттау орталығы» білім беретін жеке мекемесіне 8 адам; «ВС1 категориялы жүргізуші» мамандығы бойынша «Самат» көлік жүргізушілер мектебіне 5 адам; «бақылаушы кассир» мамандығы бойынша «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-на 10 адам; «кәсіби ағылшын тілі курсы» оқу курсы бойынша «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК-на 14 адам; «тиейтін машина машинисі» мамандығы бойынша «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» МКҚК-на 4 адам; «Электржабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер» мамандығы бойынша «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК-на 9 адам; «аргон дәнекерлеу маманы» мамандығы бойынша «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК-на 5 адам;

Регион: 
Батыс Қазақстан облысы