Call-center 1411

Вы здесь

Көксу ауданында наубайхананың ашылуы

            Кулиева Гульхара Джабраилқызы Қазақстан Республикасының азаматы  13.01.1961 жылы дүниеге келген. Білімі орта арнайы. Тігінші  мамандығын  игерген. Көксу  ауданы, Балпық би ауылдық округі, Ақшатоған ауылы Молодежная 6/1 көшесінің тұрғыны. Тұрмыс құрып жұбайы, 2 баласы  бар.

          2002 жылы «Кулиева Г.» жеке кәсіпкер ретінде, тігін -тігу  цехын ашты. Кейіннен  өз ісін дамытқысы келген Кулиева Гульхара  «Көксу  ауданы  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне келіп, Елбасының жолдауы  арқылы «Жұмыспен қамту  2020 жол картасы»  бағдарламасының екінші бағыты бойынша  шағын несие алуға өтініш білдірді. Бағдарламаға қатысып, өтініші мақұлданып  2014 жылы  «Ауыл шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры» акционерлік  қоғамы арқылы   наубайханаға 3 000 000 (үш миллион) теңге көлемінде шағын несие алды. Алынған  соммаға  қажетті   нан  өнімін  пісіретін  құрал  жабдықтарын,  түрлі материалдарын  сатып алып, жұмыстарын жүрізді. Әр түрлі нан өнімі, тоқаштар т.б. пісіреді. Гульхара өз ісін кеңейтіп,  қол астында 10 жұмысшы  жұмыс  істейді. Кулиева Гульхара Джабраилқызы Бағдарламаға қатысқанына риза және келешекте қызмет көрсету саласын дамытуын  жоспарлап отыр.  

Регион: 
Алматы облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016