Call-center 1411

You are here

Азық-Түлік өнімдерін өндіру

Ойыл ауданында көпбалалы ана мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен шағын наубайхана ашты (Николаева Марал Самархановна)

Николаева Марал Самархановна -жұмыссыз, көп балалы ана. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 252 500 теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Қазіргі күні шағын наубайхана ашып, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 22.05.2020

Ырғыз ауданында көп балалы ана ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр (Салманова Мереке Шамекенқызы)

Салманова Мереке Шамекенқызы- жұмыссыз, көп балалы ана. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, жеке кәсібін ашу мақсатында 505,0 мың теңге грант алып, нан өнімдерін өндіру үшін нан қалыптарын, араластырғыштар, газ-электрлі пеш сатып алды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 22.05.2020

505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған 3 баланың анасы, тәтті өнімдерін пісіру үшін құрал-жабдықтар сатып алды (Сағынай Маусымжан Жасарқызы)

Сағынай Маусымжан Жасарқызы - Ақтөбе қаласының тұрғыны жұмыссыз, 3 баласы бар, аз қамтылған отбасы. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, тәтті өнімдерін пісіру үшін құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні өзі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ісін жүргізуде.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 22.05.2020

Шағын наубайхана ашу

           Бердников Вячеслав Александрович 2019 жылы Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтағаннан кейін 200 АЕК (505000 тг.) көлемінде мемлекеттік грант алды. Мемлекеттік гранттың арқасында «Шағын-наубайхана» жобасына арналған құрал-жабдықтар (кәсіби пеш, қамыр араластырғыш, қамыр табақ) сатып алды.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 14.05.2020

Макарон өнімдерін дайындау бизнес

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 25.12.2019

Аудандарда кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласының жас тұрғыны Зәрубай Арайлым биыл 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанды. Бұл қаражатқа 3 тігін машинасын алып,тігінге тапсырыстар қабылдауда. Жас кәсіпкер болашақта өз ісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 24.12.2019

Крафт ірімшігін өндіру

Новоишим ауылының тұрғыны Дутова Анна Станиславовна крафт ірімшігін өндіруді армандады. Анна Станиславовна ірімшіктің 30-ға жуық түрін біледі. Көптеген адам «крафт ірімшігі» деген не екенін білмейді. «Крафт» деген көлемі үлкен емес шағын өндіріс дегенді білдіреді. Крафт ірімшігі, - қолмен жасалған өнім. Ол үйде немесе жеке ірімшік өндірісінде жасалады. Жаппай өндірілген ірімшіктерден ерекшелігі крафт ірімшігі тек табиғи компоненттер бар керемет хош иісті, жарқын дәм береді.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 13.12.2019

Мемлекеттік қолдау- шағын кәсіпкерлікке

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 27.11.2019

Мемлекеттік бағдарламаның игілігі

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатқан іс-шаралардың жемісін өңір тұрғындары көруде.
Айталық,  Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Куллян Алтаева бағдарлама аясында кәсіптік білім алып, өз бизнесін бастау үшін мемлекеттің қайтарымсыз 505 мың теңге грантына ие болды.

Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 25.11.2019

Беттер