Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

 

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әр түрлі меншік нысанындағы 455 кәсіпорынмен жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін шарттар жасалды. Жыл басынан бастап алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында оқу орындарының 820 түлегі жастар тәжірибесіне жіберілді. Оның ішінде 140 адам белгілі бір дағдыларды игеріп, тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды және тұрақты табысқа ие болды.

Дияз Әділханұлы Өмірсерік 2002 жылы 4 мамырда дүниеге келген, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Кантемировец ауылында тұрады. 2020 жылы «Арна» Көкшетау жоғары колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. Колледжді бітіргеннен кейін Тайынша ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасу үшін жүгінді.

          Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де жастар тәжірибесінен өтті.

Бағдарлама қатысушыға алғашқы жұмыс тәжірибесі мен кәсіби дағдылар алуға мүмкіндік берді.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
25.12.2020