Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін әртүрлі меншік нысанындағы 226 кәсіпорынмен шарттар жасалды. Жыл басынан бері облыстың жұмыс берушілерімен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 557 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде, 90-ы өздерін табысты адам  ретінде көрсете білді. Олардың барлығы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа қабылданып, тұрақты табысы ие.

Данияр Ыдырысұлы Нұрмұқанов 1990 жылы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл а. дүниеге келген.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарын құру шеңберінде Пеньково ауылындағы «Смағұлов Н.» жеке кәсіпкерлігіне  пилорамаға жұмысқа орналастырылды.

Одан әрі «Смағұлов Н.» ЖК тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
25.12.2020