Call-center 1411

You are here

Көп балалы ана қызығушылығын табысты іске айналдырды

Ережепова Халипа,1965 жылы туған, жеке кәсіпкер – көп балалы ана.
2019 жылдың қазан айында елордалық жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Кеңес алғаннан кейін Е. Халипа «Еңбек» бағдарламасына қатысуға шешім қабылдады.
«Бала кезімнен есте қалғаны, анам әдемі киім тігуді жақсы көретін , мен болсам әрдайым қасында отыратынмын, кейін соның бәрі бизнес-идея таңдауда өз рөлін атқарды» , - дейді Халипа. Х.Ережепова өзінің барлық еңбек тәжірибесі бойы кадрлар бөлімінде жұмыс істеді. Бос уақытында тігумен шұғылданып, осыған орай тігін ательесін ашуды шешті. Бизнес-жобасын қорғағаннан кейін 505 000 теңге көлемінде грант алды, алынған қаражатқа тігін машинасын, үтік және барлық қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды . Қазіргі уақытта Халипа отандық өндірісті сәтті алға ілгерілетуде. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар көрпелер ерекше сұранысқа ие. Жұмыс істегеннен рахат алады, әсіресе Халипа клиенттердің  риза болған жүздерін көргенде қуанады. Осының бәрі ұсынылатын қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға түрткі болып отырады. Болашақта Халипа өз бизнесін кеңейтіп, өз брендін жылжытуды жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 17.03.2020