Call-center 1411

You are here

Бастау - Бизнес жоба аясында тігін шеберханасы ашылды

Татаханова Райгуль Тулеугалиевна, білімі орта,тігіншілік курстарын аяқтаған. 2019 жылдың желтоқсанда Бастау-Бизнес жобасы шеңберінде кәсіпкерлік курсын тәмамдаған соң, бағдарламаның 2 бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында 100 АЕК көлемінде берілетін грант иегері атанып, өз ісін ашты. Ауылдық жерде тұрақты жұмысы болмағандықтан жұмыссыздар тізімінде де тұрды. Кейін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ие болғаны үшін шексіз ризашылығын білдіріп, сүйікті ісімен айналысуда. Бүгінгі күнде өзін-өзі жұмыспен қамтып, сонымен қатар тұтынушылардың тапсырыстарын қабылдап,халықтың алғысына бөленуде.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 13.03.2020