Call-center 1411

You are here

Өз мүмкіншіліктеріне сену

Горячкин Федор Геннадьевич 1982 жылы Атырау қаласында туылған. Екінші топ мүгедегі. 2013 жылы “Казагромаркетинг” АҚ арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, сол жылы бірінші траншпен 1,3 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Өзінің ойлаған істерін жүзеге асыру үшін, Сары-Өзек жерінен “Черноречье-5” шаруа қожалығын ашты. Онда ол құс және қоян өсіреді. Қазір Федордың қожалығында тауықтар, үйректер, қырғауылдар, мысыр тауығы (тауық тектес әдемі құс), бөденелер және қояндар бар.

Федордың алдында көп жоспар бар. Ол қояндардың терісін өңдеуды жоспарлайды, осы мақсатта үйрететін дискілер сатып алып, оларды мұқият зерттеуде. Оның арманы жұбайы Ольгамен бірге шаруашылығы берген барлық пайдаға болашақта мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын ашу.

Қожалықта екі адам жұмыс жасайды.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Мал шаруашылығы
, 12.06.2014