Call-center 1411

You are here

Қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері азаматтарға кеңес берді

27 ақпан күні орталық базар аумағында ("Жасыл базар") Жұмыспен қамту орталығының ізденушілерін қолдау бөлімі Медеу аудандық "Nur Otan" партиясының филиалымен бірлесіп "Еңбек" "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселелері бойынша халықты қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 25-тен астам азамат кеңес алды, оларға мемлекеттік бағдарламалардан басқа МӘМС, ӨСП төлеу ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, азаматтарды 4-5 наурызда өтетін өңіраралық ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша өтетін Бос орындар жәрмеңкесі туралы хабардар етті.

Аймақ: 
Алматы қ.
02.03.2020