Call-center 1411

You are here

«Еңбек» бағдарламасының шеңберінде ірі қара малдың басын дамыту бизнес ашылды

Бағдарламаға қатысушы Ерланұлы Болатбек 21.11.1992 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың наурыз айында аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып жеке кәсіпкер Ерланұлы Болатбек «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –ы арқылы 4 млн. теңге көлемінде несие алып, ірі қара мал басын сатып алды. қазіргі таңда отбасымен бірге мал шаруашылығымен айналысып мал басын көбейтуде. Мемлекеттін осындай қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіруде.

Аймақ: 
Атырау облысы
Мал шаруашылығы
, 02.03.2020