Call-center 1411

You are here

Бесаспап

"Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығына" жол картасы микрокредиті бойынша өз өтінішін Магдалиновка кенті Ярославтық селолық округінен Бағысбаев Жансерік Берікбаевич жіберді.

Микрокредитпен алған 3 млн. жуық теңгені өз арманының орындалуына жұмсады. Мүсіндеуге арналған өз шеберханасын ашты.

Кәсіби мүсінші, тек қана архитектуралық мүсін емес, сонымен қатар қала символы болып тұрған Атбасар қаласының шыға берісіндегі ат мүсінің жасаған.

Осындай сүйікті ісімен айналысқан Бағысбаев Ж. қазіргі кезде өз шеберханасын үлкейте түсті және 3 адамды жұмысқа алды: Бундан Людмила, Косенкова Л.Н. және Шкуренко Т.И. Олар ұлттық көрпе,жастық, штор, ламбрекендерге жасалған тапсырысты жасайды. Ұлттар бірлігі күні жұмысшы әйелдер қуыршақтар киімін киді. Олармен түсуге деген ұмтылыс көп болды. Қуыршақтар ішінде Губка Боб,  Леопард, Смешарик және басқа да үлкен сұраныстар болды.

Бұл бағдарламаның ең басты оң жағы, бұл салада монополист болуы. Бірақ Жансерік Ақмола облысында, тіпті елімізде бәсекеге түсе алатын шебер.

Мүсінші, құрылысшы,архитектор, шебер ,қолынан бал тамған адам Жансеріктің ойында болашақта ұлттық бағытта шеберхана ашу.

 

Аймақ: 
Ақмола облысы
, 12.06.2014