Call-center 1411

You are here

Пайдалы құс

Рей Владимир Александрович Павлодар ауылының тұрғыны, ол 1985 жылы дүниеге келген.

Достарынан бағдарлама туралы естіп Жұмыспен қамту орталығына арызданды. Қажетті құжаттарды тапсырған соң, 3 млн. теңге көлемінде несие алды. Бизнес-жоспар құрып, Владимир бөдене шаруашылығын ашты. Өйткені бөдене жұмыртқаларын алу, тауық асырауға қарағанда тиімдірек. Кәсіпкер алдымен жалға ғимарат алды. Бөлінген несиені алған соң бірінші кезектегі сатып алу құрал-жабдық болды. Содан кейін тамақтандыру жемдерін, бидай ұсақтатқышты, тор жасау үшін металлды сатып алды. 

Қазіргі кезде бөдене құс шаруашылығы Владимирге тұрақты табыс әкеледі, сонымен қатар өз отбасын ауданды экологиялық таза өніммен қамтуда. Шаруашылықта 3 жұмыс орны ашылып, оған ауыл тұрғындары қабылданған. 

 

 

Аймақ: 
Павлодар облысы
Мал шаруашылығы
, 12.06.2014