Call-center 1411

You are here

Бағдарлама жеке татуаж студиясын ашу үшін бастау алуға мүмкіндік берді

Сейтжанова Нұргүл Жумашкеевна 1977 жылы туған, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны. 2018 жылдың желтоқсан айында қысқа мерзімді курстарды аяқтап, одан әрі сұлулық индустриясында дамуға бел байлады. 2019 жылдың 10 сәуірінде "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына грант алуға өтініш білдірді. Қажетті құжаттарды  жинап, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 252 500 теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Алынған қаражатқа сөрелер, үстел, орындықтар, кушеткалар, өз ісіне қажетті барлық жабдықтарды сатып алды. Қазіргі уақытта Нұргүл "Інжу" сұлулық салонында татуаж студиясын ашып, 1 жұмыс орнын құрды.
Бұл бағдарлама жанына жақын ісін одан әрі дамыту үшін бастау алуға мүмкіндік берді. Нұргүл өз дағдыларын одан әрі жетілдіріп, бизнесті дамытуды жоспарлап отыр.

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 14.10.2019