Call-center 1411

You are here

Шағын несиелеу бизнесті дамытуға жаңа серпін берді

Бақыт Қажмұқан университетті бітірген соң, отбасылық бизнесті одан әрі дамытуға бел буды.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы туралы білген кезде кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқып шықты.
Автобөлшектердің сауда нарығын зерделеп, қазіргі кезде көптеген автокөліктердің жиі қызмет көрсету мен жөндеуді қажет ететінін, демек, автобөлшектерді сатып алу қажеттігінің  жиілегенің түсінді, осыған байланысты Бақыт өз бизнесін кеңейтуді шешті. 2019 жылдың наурыз айында сертификат алғаннан кейін, Бақыт Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына шағын несие беру бойынша кеңес алуға жүгінді. Шағын несие беру шарттарымен танысып, барлық қажетті құжаттарды жинап, "Ақжол авто" ЖК автобөлшектермен бөлшек сауда жасау үшін шағын несие алды. Бақыт сауда жасауға қажетті жайды сатып алып, ұсынылатын тауарлардың ассортиментін арттырды, бұл бизнестің дамуына, сондай-ақ нарықтың қамтылуына жаңа серпін берді.
Қазіргі уақытта Бақыттың қала бойынша 3 сауда орны жұмыс істейді,бизнестің тұрақты табысы бар. Автокөлік қосалқы бөлшектеріне сұраныс пен сату өсуде. Сондай-ақ, бизнесті кеңейту оған халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 02.10.2019