Call-center 1411

You are here

Армандар орындалады

           Асылбек Айсұлу Ермекқызы - Балқаш ауданының тұрғыны. Айсұлу Ермекқызы 2019 жылдың 8 сәуірінде Балқаш ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізуді өтінді. Айсұлу жас түлек ретінде Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне бағдарламашы ретінде жастар тәжірибесіне жіберілді. Тәжірибе барысында ол өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде көрсете алды. 2019 жылы 3 маусымында Асылбек Айсұлу Ермекқызы "Баканас Жоба оралығы" ЖШС-не инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Айсұлу Ермекқызы жастар тәжірибесіне қатысып, тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал еткен  үшін үлкен алғыс білдіреді.

Регион: 
Алматы облысы