Call-center 1411

You are here

Мен іздеген жұмыс

          Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Сәтімхан Айдын  Төлепбергенұлы 1994 жылдың 24 қыркүйегінде дүниеге келген,  Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны.            Сәтімхан Айдын 2017 жылы «АЛМАТЫ»  университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған оқу орнын ойдағыдай   аяқтап диплом алды.
          Өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірбиесінің  жоқтығына байланысты жұмыс іздеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыссыз азамат ретінде 2019 жылдың 25 қаңтарында тіркелді.  
Айдынмен сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп, 2019 жыдың 1 ақпанынан бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотына жастар тәжірибесінен өтуге заңгердің көмекшісі болып жұмыс жасауына  жолдама берілді.
          Айдын жолдама алған мекемеде уақынан бұрын өзін жаксы жағынан көрсете біліп, ағымдағы жылдың 4 маусымында  заңгер лауазымына тұрақты жұмысқа орналасты.  
Сәтімхан Айдын  Төлепбергенұлы бағдарламаға тұрақты жұмыс орнын тапқаны үшін және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болғанына алғыс білдіруде.

Регион: 
Алматы облысы