Call-center 1411

You are here

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы өз әлеуетін жүзеге асыруға және сүйікті ісімен айналысуға көмектесті

Рублева Алена Васильевна 1989 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Алена өз қызметін қоғамдық тамақтану саласында,  20 адамнан тұратын жолдасының  жұмыс тобына түскі ас дайындаудан бастады. Аспазшы  болып жұмысқа орналасу үшін оған арнайы біліктілік қажет болды.
Ол 2019 жылдың 16 сәуірінде   Нұр-Сұлтан қаласының  халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
Өтініш білдіргеннен кейін, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде "Аспаз"мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді.
24 шілдеде қысқа мерзімді курстарды аяқтағаны туралы куәлік алып, "Пинта" гриль барына жұмысқа орналастырылды.
"Еңбек "мемлекеттік бағдарламасы өзінің әлеуетін жүзеге асыруға, сүйікті ісімен айналысуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесті, осыған Алена дән риза.

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 27.09.2019