Call-center 1411

You are here

Шымкентте алимент борышкерлеріне арналған жәрмеңке өтті

Шымкентте алиментін төлей алмай жүрген борышкерлерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы мен прокуратура, әділет саласы өкілдерінің бірлесуімен өткен жәрмеңкеде 160 мекемеден 2 жарым мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды. Айта кетейік, бүгінде қалада жұмыссыз ретінде алименттен қарызы бар 200 борышкер тіркелген.
Мамандар екі қолға бір күрек іздеп келген азаматтарға бизнес ашудың тетіктерін де түсіндіріп, халықтың тұрмысын түзеу мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды баяндады. Айта кетейік, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі қазан айында да ұйымдастырылады. Жұмыс берушілер мен жұмыссыздар үшін тиімді шара қаладағы 4 ауданда өтеді.

 

Аймақ: 
Шымкент қ.
24.09.2019