Call-center 1411

You are here

Мамлют ауданында семинар өткізу

2019 жылғы 29 тамызкүні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс тобы әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен оқыту.

Семинарда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты Заңдарын іске асыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жүргізілген жұмыс жайлы мәселелер қаралды.

Бұдан өзге, жұмыс қорытындысы бойынша 35 қатысушыға тестілеу өткізілді.

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
23.09.2019