Call-center 1411

You are here

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат (1.09.2019 ж.)

«Еңбек» бағдарламасы  аясында 2019 жылға барлығы 11,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,4 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді.

2019 жылдың 1-қыркүйегіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 22906 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына- 8842 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3081 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1440 адам, жастар практикасына 2108 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 4609 жұмыссыз тартылды, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданды, 597 адам шағын несие (оның ішінде 50 адам қалаларда өткен жыл қаржысынан шағын несие алды), 446 адам грант алды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға  1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 770 адам оқуға жолданады. 

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 млн.теңге қаралды.  Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша  орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО)  өтеді. 1-ші  қыркүйекке  қысқа мерзімдік оқытуға 3081  адам жолданды.   Оқуды  бітірген 1755 адамның 464-і (26,4%) жұмысқа орналасты.  Жыл соңына дейін  оқуын аяқтағандардың кемінде 60%-ын жұмысқа орналастыру межеленген.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 5284 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1301 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 1200 адам, грантқа – 1783 адам, "жас кәсіпкер" бойынша -1000 адам) 7372,7млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 6147,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, грантқа – 889,5 млн.теңге).

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1208 адам оқуға жолданып, 1054 адам оқуын аяқтап,  оның ішінде 137-і шағын несие алса, 75 адам қайтарымсыз  грант алды.   Бұдан бөлек "жас кәсіпкер" жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданып, 266-ы оқуды аяқтап, 98-і қайтарымсыз грант алды.

Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 6147,6 млн.тенгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1211 адамға 5111,0 млн.теңге, қалада – 90 адамға 1036,6 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне  ауылда  538 адам 2905,0 млн.теңгенің шағын несиесін алды. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, қалада 90 адамға несие беруге барлығы 1036,6 млн.теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қала бойынша 59 адам шағын 770,9 млн. теңге несие алды (ағымдағы жылдың қаржысы есебінен 9 адам 113,9 млн.теңге, 50 адам өткен жылдың қаржысы есебінен 657,0 млн. теңге)

Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды.

Осы бағыт аясында 1783 адам 878,6 млн.теңгенің грантын алады (соның ішінде 200 АЕК мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 млн.теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 млн.теңге, ұлттық фондтан 800 адамға 404,0 млн теңге,  100 АЕК мөлшерінде 43 грантқа 10,9 млн.теңге). Барлығы есепті мерзімде 446 адам 214,6 млн. теңге қайтарымсыз грант алды (соның ішінде 100 АЕК грантын 10,6 млн.теңгеге 42 адам; 200 АЕК грантын 204,0 млн.теңгеге 404 адам алды).

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 7002 адамды қамтуға 2551,9 млн. теңге бөлінді.

Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 234,9  млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1440 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 230 адамның 123-і (53,5%) тұрақты жұмыспен қамтылды.  Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1844 орынға 675,5 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 2108 түлек жолданып,  жұмысын аяқтаған 1046 адамның 508-ы (48,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1641,5 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 4609 адам жолданды. 

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. 

Бағдарламаның  бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2019 жылдың 1-қыркүйегіне   солтүстік өңірлерге 130 отбасы, 392 адам қоныс аударды, оның ішінде: 

1. Павлодар облысы- 20 отбасы, 52 адам,

2. ШҚО- 31 отбасы, 77 адам, 

3. СҚО- 43 отбасы, 136 адам,

4. Қостанай – 36 отбасы, 127 адам.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейі  2019 жылдың 2-тоқсанында 4,8 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрады.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
20.09.2019