Call-center 1411

You are here

Жан қалауы

Серік Бегзат 1998 жылдың 1 қазанында дүниеге келген. Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылының тұрғыны. «Талдықорған медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-н 2014-2018 жылдар аралығында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер» біліктілігін игерген. 2019 жылдың басында «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрды. Жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында, консультативтік кеңес ала отырып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне қатысуға өтініш білдірді. 2019 жылдың 1 наурыз айынан 2 мамыр аралығында «Көксу аудандық орталық ауруханасында» жастар тәжірибесінен өтіп, 2019 жылдың 2 мамырынан бастап «Талдықорған қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына» «Фельдшер» мамандығымен тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Аймақ: 
Алматы облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 12.09.2019