Call-center 1411

You are here

Менің таңдауым

       Нұржұма Мейрман Нұржұмаұлы 1996 жылы 6 шілдеде Аксенгір ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Ақсенгір атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының жоғары оқу орнына түсті. 2017 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп шықты. 2017-2018 жыл аралығында Қарағанды қаласында ҚР әскер қатарында міндетін атқарды. Мамандығы бойынша тәжірибиесі болмағандықтан, жұмыс таба алмаған. 2019 жылдың 21 қаңтарында Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, есепке алынды. 2019 жылдың 4-ші ақпанынан бастап Жамбыл ауданы Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппаратына жастар тәжірибиесіне жолданды. Жастар тәжірибиесінде жүріп қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсене қатысты. Жастар тәжірибиесінің мерзімін аяқтап, 2019 жылдың 5 тамызынан Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппаратына спорт жөніндегі әдіскері болып жұмысқа қабылданды.

Аймақ: 
Алматы облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 12.09.2019