Call-center 1411

You are here

«NCOC» компания филиалының жобасында жұмыс жасайтын мердігерлік және қосалқы мердігерлік мекемелерімен кездесу туралы

Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде Жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары А. Мамбетов, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г. Аманғалиева
«NCOC» компания филиалының жобасында жұмыс жасайтын 15 мердігерлік және қосалқы мердігерлік мекемелерінің өкілдерімен кездесіп, жұмыспен қамту бағытындағы әлеуметтік қолдау шараларымен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 4 бағыты шеңберінде іске асырылып жатқан әлеуметтік қолдау түрлері мен Электрондық еңбек биржасы жөнінде түсініктер беріліп, жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан кайта даярлау бағытында үйымдастырып жатқан оқыту процестеріне араласып, дуальды оқыту барысында оқып жатқан жұмыссыздарды мекемелердегі жұмыс орындарының базасында практикалық оқытуларды үйымдастыру туралы ұсыныс берілді.

Аймақ: 
Атырау облысы
11.09.2019