Call-center 1411

You are here

«Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс қуатын кеңейту жобасына жоспарлаған оқыту бойынша өткізілген реттеу жұмыстары жөнінде

 Атырау облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша Атырау облысы әкімі Н. Ноғаевтың қатысуымен өткен кездесудегі келісімі бойынша, «Теңізшевройл» ЖШС-і өңдіріс
қуатын кеңейту жобасына 2019 жылы 350 адамды слесарь-құбырмонтаждаушы, құрылыс құрылғылары дәнекерлеуші, темірбетон құрылғылар монтаждаушы, электрмонтаждаушы, жүк ілуші және ағаш сатылы монтаждаушы мамандықтары бойынша оқытуды жоспарлады. Ағымдағы жылдың 2-5 қыркүйегінде Атырау қаласында, Жылыой, Исатай, Махамбет аудандарында жұмыссыздар есебінен оқытуға реттеу жұмыстары жүргізілді.
Құрманғазы тұрғындары Исатай ауданының Аққыстау селосында және Индер тұрғындары Махамбет ауданының Махамбет селосында тестке қатысты. 2019 жылдың 6-шы қыркүйегінде ТШО, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мен оқу өтетін «АРЕС Petrotecnic» колледжінің және «West Way Service» ЖШС-нің оқу орындарының жауапты  мамандарының қатысуымен тестілеу жұмыстарының қорытындылары мен оқыту процестері мәселелері туралы жиналыс өтті.
Тестілеу қорытындыларымен оқуға 350 адам нақтыланып, тізімдері тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына жолданылды.
Қазіргі уақытта тесттен өткен адамдар медициналық сараптамадан өтуде. Оқу ағымдағы жылдың 16-шы қыркүйегінен басталады. Оқу барысында оқитын адамдар жатақхана, үш уақтылы тамақпен қамтылатын болады.

Аймақ: 
Атырау облысы
11.09.2019