Call-center 1411

You are here

Шымкент қаласы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға кімдер қатыса алады?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 3 айлық тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өте алады. Сонымен қатар, шәкіртақы қарастырылған.
Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда); 3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда; 4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Заман талабына сай оқытылатын мамандықтар тізбесі:
  1.Аспаз;
  2. Кондитер;
  3.Визажист;
  4.Шаштараз;
  5. Маникюр шебері;
  6.Электрик;
  7.Дәнекерлеуші;
  8.Авто электрик;
  9.Автокран;
 10.Сантехник және т.б.  мамандықтар бойынша оқытады. Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы; Байтереков көшесі, 89.

Аймақ: 
Шымкент қ.
09.09.2019