Call-center 1411

You are here

Шымкент қаласында табысын жасырған 2 149 отбасының жәрдемақысы толық тоқтатылды

2019 жылдың 2 қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға 66 242 отбасынан өтініштер түсті.
Бүгінгі күнге 53 242-і қаралып, 45 684 отбасыға жәрдемақы тағайындалды.7548 өтініш (16,5%) кері қайтарылды.Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,7 есеге артты. Көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылуға жататын 23 637 адыммен әлеуметтік келісім шарттар толық (100) түзілген. Олардың 5 633-і жұмысқа орналастырылды (өздігінен жұмысқа орналасқандар – 4 632, жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқаны 1001 адам).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7 424 отбасының табысын жасырғандығы анықталып, 2 149 отбасыға тағайындалған төлемдер толық тоқтатылды. Бүгінгі таңда 3 отбасы 828 392 теңгені өз еркімен бюджетке қаржысы қайтарылып, 268 отбасыға хабарландырулар таратылды.
5 275 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 252 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған соммасы кемітілді.
Сонымен қатар, аудандарда өңірлік комиссиялар құрылып атаулы әлеуметтік көмек алушыларды үйме-үй аралап, табыстарын қайта қарау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 3012 отбасының табыстары қайта тексеріліп, 849-ның әлеуметтік көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Төлемдер тоқтатылып, тағайындалған сома 223,5 млн теңгеге кеміді.

Аймақ: 
Шымкент қ.
09.09.2019