Call-center 1411

You are here

Оқу орындары мен кәсіптік колледждерінің басшыларымен кездесу өтті

Жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары А. Мамбетов, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Г. Аманғалиева және бас маманы Д. Әбішева «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кайта даярлау бағытында оқытуды үйымдастырып жатқан оқу орындары мен кәсіптік колледждерінің басшыларымен кездесіп, оқу процестерімен танысты. Оқу орындарын аралау барысында Атырау энергетика және құрылыс, Атырау көлік және коммукация колледждері мен «IQ Group» оқу орындарында оқып жатқан бағдарламаға қатысушыларымен пікірлесіп, ұсыныстарымен бөлісті. Оқып жатқан жұмыссыздар мамандық алуға ынта білдіріп, оқу нәтижелерімен шағын бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін үйымдастыру арқылы жұмысқа орналасуға оң пікір білдіруде. Күні бүгінге Атырау облысы бойынша бағдарлама шеңберінде оқуға 968 адам жолданылып, 537-і оқуын аяқтады. Олардың ішінен 164-і немесе 30,5 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Оқу шілде-тамыз айларында аяқталуына орай жұмысқа орналастыру шаралары жалғасып келеді. Оқу 10 оқу орындары мен колледждерде жүргізілуде.

Регион: 
Атырау облысы