Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік грант алды

Бағдарламаға қатысушы Ибрагимова Замира Исаевна 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Ибрагимова Замира жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 100 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, балмұздақ жасайтын құрылғы сатып алды, қазіргі таңда орталық базар маңынан балмұздақ жасайтын құрылғысымен өз табысын табуда. Өз-өзін жұмыспен қамтып, үкіметке осындай қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 19.08.2019