Call-center 1411

You are here

Бағдарлама арқылы өз ісін дамытуға мүмкіндік алды

Бағдарламаға қатысушы Мұхамбетова Балерке Зейноллақызы1994 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округінде дүниеге келген. 2019 жылдың сәуір айында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Бастау Бизнес» жобасына қатысып  жеке кәсіпкер Мұхамбетова Балерке «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1,5 млн. теңге көлемінде айналым қорын толтыру  мақсатында несие алып, оған азық- түлік дүкеніне керекті заттарын алды. Елбасының мелекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашу мақсатында, қазіргі таңда отбасымен бірге жұмыстарын жетілдіруде. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде. 

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 19.08.2019