Call-center 1411

You are here

Шынғырлау ауданында тасымалдау кәсіп ашылды

Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған Уразалин Бауыржан Мухтарович ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» оқуына оқып, қазіргі таңда «Уразалин Б.М» атты жеке кәсіп ашып жетекшілік етуде. Бауыржан Мухтарович «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІ бағыты бойынша алты миллион теңге және қаражатты 6 % қайтару пайызымен 7 жылғы мерзімге несие алып, Облыс орталығы Орал қаласымен аудан орталығы Шыңғырлау ауылы арасында жолаушылар тасымалдайтын 21 орынға есептелген «Volkswagen Crafter» автокөлігін сатып алды. Қазіргі уақытта облыс орталығымен аудан орталығы арасында белгіленген кестеге сәйкес тасымалдауда. Осылай Бауыржан Мухтарович өзін-өзі тұрақты жұмыспен қамтыды.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 19.08.2019