Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа 8432,6млн. т. қаражат бөлінді.
2019 жылдың 1 шілдесіне-тамызына 16030 адам жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның ішінде 13408 адам Бағдарламаға қатысушы құрамына енгізілді (8432 адам (63,3%) жұмыссыз, 1368 адам (10,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3525 адам (26,4%) жұмыс іздеуші тұлға). Бағдарлама аясында жыл басынан бері 10448 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 4991 адам).
Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 800 адамды оқытуға жоспарланды.
Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Сонымен қатар, облыстың 16 колледжі мен 10 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1767 адамды жолдау мақсатында 255,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 1229 адам оқуға жолданып, немесе 69,6%, 298 адам оқуларын аяқтады, 143 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 47,9% Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 4 611,8 млн. теңге көлемінде 1106 несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 1010 – 4014,5 млн.теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға 96 – 597,3 млн.теңге ) жоспарланып, ағымдағы жылдың есепті кезеңге 445 несие берілді, немесе 40,0%. 1373 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында 680,7 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңге, 211 адам 85,3 млн. теңге көлемінде грант алды, немесе 38,9% (17 грант мақұлданды).
Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1080 адамды оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 1126 адам жолданды, немесе 99,8%. Солардың ішінен 1080 –і оқуларын аяқтап, 61-і несие, 33-і грант алды. Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 6365 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 5457 адам қамтылды, немесе 85,7%. - 745 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 809 адам жолданды, немесе 108,6%. - 1448 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1008 адам жолданды, немесе 69,6%. - 4172 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3640 адам тартылды, немесе 87,2%.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
13.08.2019