Call-center 1411

You are here

Атырау қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Ағымды жылдың 9 тамызында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әділет департаментінің өкілдерімен бірге алимент төлемейтіндерді тұрақты жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңке жұмысына облыстағы 12 мекемесі қатысты. Оның ішінде: «ККТС», «Болашақ-Атырау», «Стамгазстрой», «ЮСС Суппорт Сервисез», «ПСН Казстрой», «Велестрой»,«Арнаулы автобаза», «Атырау жылу жүйелері», «KIOS», «КазМұнайГаз-Бұрғылау», «Сенімді Құрылыс» ЖШС-рі мен «Бонатти» компаниялары.Олармен 95 ваканттық жұмыс орындары жұмысшы мамандықтар бойынша ұсынылды: құбырмонтаждаушы, трактор операторы, кран машинисі, экскаваторшы, стропальшы, жөндеуші, электргаздәнекерлеуші, дәнекерлеуші, аспазшы, тазалаушы, ұста, жүргізуші және т.б. Соның ішінде 30 инженерлік вакансиялар бар.Жәрмеңкеге қатысушылардың түйіндемелері мекемелермен реттеліп, қосымша жұмыс орындарында тестілеу қорытындыларымен жұмысқа орналастыру шаралары қабылданады.  

 

Аймақ: 
Атырау облысы
13.08.2019