Call-center 1411

You are here

Есіл ауданында мал шаруашылығын дамыту

Асхат Рахматоллаұлы Хусаинов 1984 жылы 24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Асхат Рахматоллаұлы мектепті бітіргеннен кейін, әскерге шақырылып, содан соң Астана қаласында құрылысшы болып жұмыс істеген.Үйленген, екі баласы бар. 2017 жылы Асхат Рахматоллаұлы отбасымен бірге Чириковка ауылының Есіл ауданына көшті, ол 4 бұзау сатып алып, қосалқы шаруашылықпен айналысты. 2018 жылдың наурыз айында микрокредит алу және меншікті ісі: ірі қара малды өсіру мәселесі бойынша Есіл ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Асхат «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыды, қажетті құжаттар топтамасынжинап, 8 бас мал сатып алу үшін 2 млн 400 мың теңге сомасында микрокредит алды. Бұдан өзге, Асхат Рахматоллаұлы грант алуға құжаттарын тапсырды, осы жоба мақұлданып, ол азық-түлік жинау және сауу техникасына арналған мотоблоксатып алды. Биылғы жылы Асхат Рахматоллаұлы шаруашылығы алты бұзауға көбейді.

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Мал шаруашылығы
, 08.08.2019