Call-center 1411

You are here

Жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін 2019 жылы берілген мемлекеттік гранттар

Биетаева Индира Омархановна 2018 жылы ЖК «Дидар»-да «Шаштараз» мамандығы бойынша курс оқып шықты. Курсты аяктаған соң бизнес- план жазып,  шаштаразға қажетті құралдар сатып алуға 252 500 тенге грант алды.  «Айдана»  ЖК-н ашып,  тапсырыстарда жұмыс істеп жатыр.
Салкынбаева Айгерім Ерболовна 2017 жылы  қысқамерзімді курста «Татуаж» мамандығын алып шықты. 2019 жылы грант алуға өтініш беріп. бизнес- план жасады. Үстіміздегі жылы  татуаж салонына қажетті құралдар алу үшін 252 500 тенге көлемінде грант  алды. «Салкынбаева А.Е.» ЖК ашты.
Камашев Нурбол Ерболатұлы, 2 топтағы мүгедек, 2018 жылы «шаштараз» мамандығы бойынша қысқамерзімді курсты  «Зайтуна» ЖК –де тамамдады. Содан кейін грант алып, шаштараздық қызметін көрсету үшін қажетті құралдарды алып, ЖК тіркетті, тапсырыс бойынша жұмыс істейді.
Омарова Гульмира Марсилиновна 2018 жылы «бухгалтер» мамандығы бойынша курсы бітірді№Содан кейін грант алып, «Омарова Г.М.» ЖК  тіркетіп, асхана ашты.
Бокетова Буви Нусипхожаевна 2018 жылы «тігінші» мамандығы бойынша курста оқып шығып, грант алды. «Буви» ЖК тіркетіп, құрал-сайман сатып алып, үйінде жұмыс істеп жатыр. 

 

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 06.08.2019