Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту орталығы Медеу ауданының бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараға 50-ге жуық ірі және орта кәсіпорындар атсалысып,400-ға жуық бос орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеге 200-ге жуық жұмыссыздар қатысып, оның ішінде 51 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыс берушілерден шақырту алды. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласында – 4 адам, білім беру саласы – 20 адам, жеке меншік кәсіпорындар – 12 адам, комунналдық саласы – 6 адам, құрылыс – 11 адам.
Іс-шарада Жұмыспен қамту орталығының мамандары халықты ақпараттандырып, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыруға көмек көрсету аясында мемлекеттің қолданатын шаралары туралы айтып өтті.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
02.08.2019