Call-center 1411

You are here

Жастар жылына орай, «Keruen City» cауда ойын-сауық ғимаратында кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 60 мекеме білім, құрылыс, мұнай саласы, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша 636 жұмыс орнындары ұсынылды.
Сонымен қатар, ЖШС «Анкор Центральная Азия» және ЖШС «Мұғалжар Нефтестрой», жаңа мекемелер қатысты.Атап өткенде жылдан жылға жұмыс берушілер саны көбейіп, есесіне жұмыссыздар саны азаюда. Жәрмеңкеге 153 жұмыссыз азамат жолықты, жәрмеңке барысында жалпы 80 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді. Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Жұмыс берушілер және жұмыс іздеушілер үшін электронды еңбек биржасы порталы жұмыс жасайды. Ол үшін әрбір мекемеде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болуы қажет және бос жұмыс орындарын жариялап, азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын орындау керек.
Сонымен қатар, жәрмеңке қатысушыларына Бағдарлама аясында шағыннесие және грант алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту, жоғары, арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесі, аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің, бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуіне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіп, 80 адамға кеңес берілді.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Жыл басынан 6 кезекті және 3 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, нәтижесінде 532 адам жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта, порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1207 бос жұмыс орындары мен 1519 түйіндемелер орналастырылған.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
01.08.2019