Call-center 1411

You are here

Балқаш қаласы бойынша «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал» жолдарын қайта құру жобаларына жұмысқа орналастыру пунктілерінің жұмысы жайлы ақпарат

«Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал» жолдарын қайта құру жобаларына жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу мақсатында ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап, Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында «Ситик Ко ЛТД» ЖШС өкілі – кадрлер бөлімінің бастығы Турлубаева Гульмира Хакимовна  тарапынан жұмыссыздарды қабылдау жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде өкілдің жеке қабылдауына 69 адам жүгінді, олардың ішінде 64 адам  (жол жұмыскері, өзі аударғыш машинасының жүргізушісі, бульдозер жүргізушісі, жол тегістейтін каток жүргізушісі, су тасушы машинасының жүргізушісі) мамандықтары бойынша жұмысқа қабылданды.Аталмыш бағыт бойынша  жұмыстар жалғасуда.       

Аймақ: 
Қарағанды облысы
29.07.2019