Call-center 1411

You are here

Жұмыс істеуге ниеттенсең - жұмыс табылады

Лунева Анастасия Андреевна, 02.03.1991 жылы туылған, білімі орта. Жұмысқа орналасуға мүмкін емес болғандықтан 2019жылдың қаңтар айында халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Өтініш білдірген кезде 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндірумен еркін бос жұмыс орындары бойынша кеңес берілді. А.А. Лунева "М.М. Турсунов" ЖК әлеуметтік жұмыс орнына әңгімелесуге жіберілді. Әңгімелесу нәтижесі бойынша аспазшы болып жұмысқа қабылданды. Бұл мысал жұмысқа орналасуға ниет білдірген әрбір жұмыссыз, осы Бағдарламаның арқасында, лайықты жұмыс таңдау үшін өз әлеуетін, білімін, дағдыларын іске асыра алатынын көрсетеді.

Аймақ: 
Қостанай облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 29.07.2019