Call-center 1411

You are here

Ақжар ауданында өсімдік шаруашылығын дамыту

Жүсіпов Дулат Ұрымбайұлы 1983 жылы туған, білімі орта, үйленбеген. 
2018 жылы Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып, «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқып, оны лайқты аяқтады. Дулат  Ұрымбайұлы ЖК «Дулат» ашты, қажетті құжаттар топтамасын жинап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 млн.теңге көлемінде микрокредит алды.Несие қаражаты жылыжай шаруашылығын дамытуға жұмсалды: жылыжайға каркас (500 м2), поликарбонат парақтары және тамшылатып суару жүйесі сатып алынды, бұдан өзге 200 килограммнан астам қияр өсірілді. 2019 жылы 600 кг өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруашылық 1,5 га жер теліміне орналасқан, онда 0,5 га жылыжайға, 0,5 га картоп пен қырыққабат отырғызылды, 0,5 га бу құрайды.Шаруашылықта 2 адам еңбек етеді (кәсіпкер өзі және 1 адам жалдамалы). Аудан базарларында өзөнімдерін өткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ білім беру мекемелерімен келісім-шарттар жасалды. Өнімді сатудан түскен кіріс алынған қарызды және бизнесті жүргізуге байланысты шығындарды уақтылы өтеуге мүмкіндік береді.Кәсіпкер құлпынай өсірумен айналысуды жоспарлап отыр, осылайша, өткізу нарығын және жалдамалы қызметкерлер санын кеңейтпекші.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Өсімдік шаруашылығы
, 16.07.2019