Call-center 1411

You are here

Жастардың жарқын болашағы

Осы жылдың 9-10 шілдесінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Еркеш Жақыпова Алматы Технологиялық Университеті түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты.   
Өзінің кіріспе сөзінде Е. Жақыпова жоғары оқу орнының түлектерін оқудың аяқталуымен және ересек өмірге кірісуімен құттықтады: "Қазіргі түлектер өзінің мақсаткерлігінің арқасында танымның қиын да күрделі жолын жеңіп шықты. Оларды ендігі жерде дипломы бар мамандар ретінде  жаңа өмірдің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!»
Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының қызметкері  Орталық  арқылы жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері туралы айтты. Бірінші кезекте алған мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе алуға арналған "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы туралы хабардар етті. Сондай-ақ жастар тәжірибесі алты ай бойы, тәжірибеден өту кезеңіне төленеді. Аталған бағдарлама жоғары оқу орындарының түлектеріне таңдаған мамандығы бойынша нақты іс жүзіндегі тәжірибе алуға және жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі кәсіби еңбек қызметінің бірінші сатысы болып табылады. Бұдан әрі Е.Жақыпова жұмысты www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында іздеген жөн деп атап өтті.  Портал пайдалануға өте ыңғайлы, күн сайын жаңартылып отыратын бос орындар базасы бар. Сонымен қатар, орталықтың мамандары түлектердің жеке өздері келіп, өтініш білдірген кезде жұмысқа орналастыруға көмек көрсете алады. 
Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша қалалық Жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы. Анықтама телефондары: +7 727 224 20 00, +7 727 221 66 11.

 

 

Аймақ: 
Нұр-Сұлтан қ.
12.07.2019