Call-center 1411

You are here

Дикопольцев Александр Валентинович

Дикопольцев Александр Владимирович – шаруа қожалығының басшысы, көп уақыттан бері мал және дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Ауыл тұрғындары үшін бұл табыстың негізгі көзі. Александр Владимирович трактор сатып алу арқылы өз ісін кеңейту, сонымен бірге өнімділікті көбейту туралы шешім қабылдады. “Айна” газетіндегі ақпараттық хабарлаудан Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өте жақсы, пайдалы шарттарда шағын несие алу мүмкін екенін білді.
Ол-жасырулы комиссияларсыз және басқа төлемдерсіз жылдық 6 %, негізгі қарыздың сомасын бір жарым жылға кейінге қалдыру және өтеудің тиімді мерзімі 7 жылға дейін. Александр Владимирович қажетті құжаттарды жинады. Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен 8,5 млн.теңге сомасында шағын несие мақұлданды Александр Владимирович трактор сатып алды. Осы уақытта ауылда шөп шабу кезеңі, шаруашы сату үшін және өз шаруашылығына азық дайындауда. Күзде трактор өнімді тасымалдау үшін қажет. Александр Владимирович Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін өте жақсы қолдау деп есептейді. «Өзімнің тәжірибеммен мен жерлестеріммен бөлінісемін, біздерге, ауыл тұрғындарына, осындай бағдарламаларға белсенді қатысу қажет, бұлар нақты мүмкіндік береді. Ең бастысы, ерінбеу керек!”

 

Аймақ: 
Қостанай облысы
Өсімдік шаруашылығы
, 09.07.2019