Call-center 1411

You are here

Атырау қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Жастар жылы жариялануына орай Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырумен APEC PetroTechnic колледжінде облыс көлемінде «Теңізшевройл» ЖШС, «НКОК» компаниясының мердігер, қосалқы мердігер мекемелердің қатысуымен «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге облыстағы 35 ірі мекемесі қатысты. "Platinum Universal Compаny" ЖШС-гі, "Capital Complex Catering" ЖШС-гі, «ККТС» ЖШС-гі, "Сичим С.п.А-Казахстан" филиалы, "Болашақ-Атырау" ЖШС-гі, "Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор Филиалы, "ЮСС Супорт Сервисез" ЖШС-гі, «Куан Транс Логистикс» ЖШС, «Денхолм Жолдас» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Жігермунайсервис» ЖШС, «Бонатти С.п.А Казахстан» ЖШС,«Велесстрой" ЖШС-гі, "FIRCROFT ENGINEERING SERVICES LIMITED, KAZAKHSTAN" ЖШС-гі, "Ескерт Кызмет Ратледж" ЖШС-нен және т.б. 272 мамандық бойынша 626 бос жұмыс орындарына сұраныс ұсынылды.
Атап айтқанда, инженер мамандықтары, әр түрлі деңгейдегі электриктер, трубомонтажник, дәнекерлеуші, көлік жүргізуші, бақылаушылар, бармен, жол тазалаушылар, ағаш ұстасы, аула сыпырушы, тазалықшы, әртүрлі жұмысшы және т.б. құрылыс саласының мамандарын құрап отыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеге жұмыссыздық есебінде тұрған жұмыссыздар мен жастар, жазасын өтеу орындарынан босатылған тұлғалар мен  пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар шақыртылды. Бұдан басқа, жәрмеңкеге қатысушылардың өз кәсіптерін ашуға ниет білдіргендерге «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша түсінік беріліп және әлеуметтік жұмыс, ақылы қоғамдық жұмыс, бос жұмыс орындары және кәсіби оқыту, қайта даярлау курстары ұсынылды.

Аймақ: 
Атырау облысы
05.07.2019