Call-center 1411

You are here

«Алтын ұя» дүкені

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 2-бағытының қатысушысы Едирова Алия Салауатовна  (жеке кәсіпкер) 1977 жылы 1маусымда дүниеге келген. Көп балалы ана. 4 бала өсіріп, тәрбиелеуде. Қазіргі таңда Орал қаласында  тұрып жатыр. Білімі жоғары, инженер мамандығын игерген.
2019 жылы мамыр айында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банкке жолдама алып, маусым айында 15,6 мың теңге көлемінде несие қаражатына қол жеткізген соң, Орал қаласының Н.Савичев көшесі 87 үй мекен-жайынан қажетті құрал жабдықтар сатып алып және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен соң, «Алтын ұя» атты тамақ дүкенін ашты. Қазіргі таңда қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 04.07.2019