Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасынының жүзеге асырылуы бойынша

Бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 7183,9 млн теңге қаражат бөлінді. 2018 жылдың 1 шілдеге 11529 адам жұмыспен қамту орталықтарына жолығып, оның ішінде 9023 адам Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді.
Бағдарламаға қатысушылар қатарындағы 29 жасқа дейінгі жастағы жастардың үлесі 30,2 %-ды (2723 адам), әйелдердің үлесі –51,0 %-ды (4605 адам) аз қамтылғандардың үлесі 9,2%-ды (827 адам), мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі -3,1 %-ды (283 адам) құрайды.
Бағдарлама аясында жыл басынан бері 7458 адам жұмысқа жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 3368 адам). Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 800 адамды оқытуға жоспарланды. Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады.
Сонымен қатар, облыстың 12 колледжі мен 10 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1767 адамды жолдау мақсатында 255,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 677 адам оқуға жолданды, немесе 38,3%, соның ішінде 64 адам оқуларын аяқтады, 11 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 17,2%. Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша: - 745 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 713 адам жолданды, немесе 95,7%. - 1448 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 533 адам жолданды, немесе 36,8%. - 4172 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 2844 адам тартылды, немесе 68,2%. 2.5.2- тармағы бойынша: тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды жандандырсын Бағдарлама аясында 4279 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 3135 адам тұрақты жұмыс орындары. 2.5.3- тармағы бойынша: микрокредиттер алушылардың, оның ішінде кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды бітіргендердің ішінен үлесін ұлғайтсын Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 4 611,8 млн. теңге көлемінде 1106 несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 1010 – 4014,5 млн.теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға 96 – 597,3 млн.теңге ) жоспарланып, ағымдағы жылдың есепті кезеңге 303,5 млн. теңге көлемінде 81 несие берілді, немесе 7,3% . 543 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 49 адам грант алды, немесе 9,2%. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1080 адамды оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 764 адам жолданды, немесе 70,7% . Солардың ішінен 716 – сі оқуларын аяқтап, 31-і несие, 26-сы грант алды. 2019 жылдың 1 тоқсан бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% (жоспар 5,0%), 15-28 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% (жоспар 4,0%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,2% (жоспар 5,4%) құрады

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
04.07.2019