Call-center 1411

You are here

Щербақты ауданындағы шағын несиелендіру

2018 жылы Әбіләшім Бақтиярдың отбасысы Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының "Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" үшінші бағытының қатысушысы болды.  Отбасы Алматы облысынан Шарбақты ауылына келді. Отбасы басшысы мектепке дейінгі жастағы екі баланы тәрбиелеуде, тігінші білімі бар жұбайы, бала күтімі бойынша ақысыз демалыста. Көшуге субсидия алып, үй сатып алды.
Өтініш берген кезде Бахтияр "Баисов" ШҚ-на жүргізуші мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Отбасылық кеңесте жеке тұлғаға жұмыс істеу тиімсіз екенін талқылап, өз ісімен айналысу туралы шешім қабылданды.
Отбасы осы мәселе бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінді, онда 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту"екінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдауды пайдалану ұсынылды. 2018 жылы "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, сертификат алғаннан кейін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жіберілді және 3,5 млн.теңге сомасында мал шаруашылығын дамытуға шағын несие алдыда Бақтияр 14 бұзау сатып алды. Өз жобасын табысты іске асыру үшін Бахтияр отбасымен Арбиген ауылына көшіп келді.

 

 

 

Аймақ: 
Павлодар облысы
Мал шаруашылығы
, 25.06.2019